Зейнет пен Бейнет
Зейнет пен Бейнет

Жай ғана екі ара

Жұптасып қана

Балауыздан жып-жылы ұя салды

 

Ұяға сайлы

Тұруға жайлы

Барлығы қызыға қарай қалды

 

Тынымсыз ұшып

Сан гүлді құшып

Жинады бал екеулеп

 

Жас араларды ойлап

Армандарға бойлап

Қанаттары қатып кетер деп

 

Ауыздарына тосып балын

Аямай қолда барын

Қалдырмай бақты қатардан

 

Жолдарын аш деп

Нұрыңды шаш деп

Алладан тілеп жатарда

 

Аралар өсті

Барлығы күшті

Гүлдерді кетті аралап

 

Екі ара үйде

Жабырқау күйде

Жолдарын тосты қарайлап

 

Гүлден-гүлге ұшып

Тәтті шырын ішіп

Аралар жүрді жазда ойнап

 

Тойынды тасты

Жиғанын шашты

Қатырмай басты қысты ойлап

 

Екі ара күйбең

Ұзамай үйден

Жинады балды тыстағы

 

Ызғарлы суық

Аязды қуып

Келді  жетіп қыс  тағы

 

 

Қалтырап тоңып

Түстері оңып

Аралар келді даладан

 

Табыс жоқ тапқан

Өңдері қашқан

Пана іздеп екі арадан

 

Екі ара сорлы

Үнемдеп қорды

Жеткізіп жүр баріне

 

Тапшылық қатты

Арқаға батты

Салмақ боп ауыр, әрине

 

Жылынып бойы

Тамаққа тойып

Аралар жүр күштеніп

 

Азайып жиған балы

Кетердей суға салы

Екі ара жүр тістеніп

 

Жас аралар сыйлап

Жаз бойы бал жинап

Баргенде егер көмегін

 

Екі ара шалқып

Шаттанып, балқып

Берер ед тауып керегін

 

Жас аралар тағыда

Жазда сайран салуға

Кетуді әлден ойлап жүр

 

Солардың деп бағына

Жинаған беріп балын да

Екі ара тынбай зырлап жүр

 

Қайырымды болса жас ара

Зейнеттің ерте жеткені

Қайырымсыз болса ол егер

Бейнеттің босқа кеткені.

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
2 жыл бұрын 396
0 пікір