Ғайыптан пайда болған жер бетінде,
Арайлана қол созған ертеңіне,
Қараса көз тоймайтын келбетің бар
Астанам ұқсайсын сен ертегіге.
Аққуға да ұқсайсын жайған қанат,
Балапансын бой созған күнге қарап,
Асқақтап көкке өрлеген нысандардың
Жарасым тапқандары қандай ғажап.
Ұялаған басына бақыт құсы,
Бәйтерек жарқырый түс бақыт үшін,
Сарыарқа болса тәжі кең даламның
Астанам сол тәждегі жақұтымсын.
Құлпырып күннен-күнге ажарланған,
Қызығып бүкіл әлем қарай қалған,
Сымбатты Астанасын өр елімнің
Бір көру қанша жанға болған арман.