Қазақтың шежіресі
Қазақтың шежіресі

 

 

Ө.Әбдірәсілов.

 

Қазақтың арғы атасы Хазірет Мәлік,

Жоғалтпа адал ерлер хатқа салып.

Ізі бар бір орыннан алдым мұны,

Білсем деп жүруші едім құмарланып.

 

Қармақшы ауданында 10 - ауыл,

Өндіріс колхозында тұрады анық.

Кез болып сол кісіге білдім сұрап,

Ақжарқын адам еді қымбат нарық.

 

Есімін бұрын сырттай білуші едім,

Жырау деп айтушы еді көрген халық.

Алғаным шежіренің жайы болды,

Әркімнің атасына тұрған барып.

 

Бұл шежіре, Мәліктен басталады,

Қолда жоқ оны анықтар тас-таразы.

Тарихшы азаматтар айтар мүмкін,

Ең түптен оны неге бастамады.

 

Болмады қолда түбір бұған жауап,

Сондықтан жаздым мүны көңілім ауып.

Мәліктен Әнес деген кісі туып,

Бұтақтап ұрпақ шашқан ұлы дарақ.

Мұхаммед Пайғамбардың сахабасы,

Кісі екен білген түгел ғажап араб.

 

Әнестен бұл дұниеге Мағаз келген,

Дүниеде сол кездерде соңына ерген.

Сүйікті сахабаның бірі болып,

Дос болған Хазірет Әлі батыр шермен.

 

Мағаздан туған екен бабам Жабал,

Білмесе аты-жөнін ерлерге обал.

Жабалдан Құрай атты туып бала,

Бұларда осылайша болған ахуал.

 

Құрайдың екі әйелі болған екен,

Бәйбіше, соңғы әйелі болып тоқал.

Бәйбішеден Ноғай, Естек туып бала,

Тоқалы Ақшолпаннан ер Аламан.

 

 

Сейілхан, Жайылхан мен Қырғыз бұлар,

Туылған болды бала Аламаннан.

Түрікмен сегіз арыс – Сейілханнан,

Майқы би даңқы шыққан – Жайылханнан.

 

Дүниеге Майқы атадан екі ұл туып,

Аттарын қойған екен Құман, Тұман.

Құманнан өзбек халқы келіп шығып,

Тұманнан – Алаш, Наурыз өсті ол да

Алашқа Айырқалпақ беріп бала

Наурызға ешбір перзент бермеді Алла.

 

Айырқалпақтан тарайды Қазақ, Созақ,

Созақтан туған екен Қарақалпақ.

Қазақстан – Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс боп,

Үш жүзге бөлініпті жалпы қазақ.

 

Ұлы жүз үлкені боп – Ақарыстан,

Орта жүз – ортаншысы – Бекарыстан.

Кіші жүз кенжесі екен – Жанарыстан,

Деп айтад бұл үш жүзді – Қазақстан.

 

Ұлы жүз – Бақтияр мен Үйсін, Дулат,

Бөктерлеп  Алатауды жатыр жайлап.

Айрылған сол кездерде әр жерлерге

Бөлініп ата-атаға шумақ-шумақ.

 

 

Орта жүз – Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман,

Қайысып, Қараағаштай қанат жайған.

Мекендеп Ібір-Сібір, Қызылжарды,

Атбасар, Троицкий, Қостанайды.

 

Кіші жүз Ер Арғымақ, бабам – Тұлпар,

Бұл жерді мекендеген болды бұлар.

Қазалы, Қармақшы мен Қызылорда,

Ақтөбе, Орал, Торғай, Ырғыз, Шалқар.

Және де шеткері де жатыр толып,

Кенымық, Тамдыда да біраз ел бар.

 

Атамыз Арғымақтан жетеу болып,

Кердері, Тама, Табын, Керейт, Тілеу.

Рамадан, Жағалбайлы – жеті рулар,

Тұлпардан жалғыз бала туған екен,

Оның да атын қойған – тентек Құдияр.

 

 

Құдиярдан Алшын туып болып жалғыз,

Алшыннан – Бәйділла мен Қаракесек.

Бәйділла – үшеу еді балалары,

Қыдырәлі, Бұлбұл, Сейіл аталады.

 

Атамыз Қаракесектен болып үшеу,

Әлім, Шөмен, Байсары (Әлімқожа).

Шөменнен төртеу болып балалары,

Аттары- Аспан, Бозғұл, Көнек, Тоқа.

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 жыл бұрын 9959
0 пікір
Блог туралы