Сарыарқа
Сарыарқа

Келген жерім –Сарыарқаның даласы,

Қонған жерім-Есіл өзен жағасы.

Аққайыңы,тал-терегі жайқалған

Мына жердің сұлулығын қарашы.

 

Абылай хан, батырлары көпке  тұлға

Ерлігі болған арқау небір жырға

Бесігі  ақындар мен би-шешеннің

Сарыарқа тұрған тұнып бітпес сырға.

 

Бұл жерді мекен еткен Ақан сері,

Танытқан бүкіл елін Құлагері.

Соңында сансыз сарбаз атойлаған

Ат ойнатып ән салған Сегіз сері.

 

Осында жолдастары сал мен сері

Белінде сартылдаған ақ семсері,

Ақ патшадан оқалы шекпен киіп

Билік құрған Зілқараның Әлібегі.

 

Сүйеді сол даланы барша халық,

Тарихы ғасырлардан жеткен талып.

Мейірбан қазағымның құшағындай

Еуропа мен Азияны жатқан алып.

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 лет назад 5594
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир