ЖУСАН ИІСІ.
ЖУСАН  ИІСІ.

Жүсан иісі жаныңа ой салады

Түсіреді есіңе кең даланы.

Шыбықты ат қып мініп жүрген шауып

Ауылдағы қарасирақ жас баланы.

 

Жусан иісі-иісі ғой туған дала,

Ол-жаңбырдың иісі жауған жаңа.

Жас баланың иісі буырқанған

Құшырланып иіскейтін ғазиз ана.

 

Жусан исі-тау-тас боп сезілетін,

Туысты ойлап бауырың езілетін.

Ол-достардың иісі сағындырған

Көңіліңді шын жүректен сезінетін.

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 жыл бұрын 8533
1 пікір
  • Туған жердей жер болмас, басқа жақта қанша жақсы болғанымен, кіндік қаның тамған жер тартады екен.
    9 жыл бұрын
Блог туралы