Қандай ғажап
Есілдің сырлы ағысы,
Жағасында балық аулап тұрған кісі.
Маралдай кербез сұлу желдей есіп
Алдыңнан кесіп өтсе түз тағысы.
Қандай ғажап
Құстардың сайрағаны,
Бұлттардың желді қуып, айдағаны,
Шабақтың тұнық суды шолп еткізіп
Жалт етіп судан шығып ойнағаны.
Қандай ғажап
Жұлдыздың жайнағаны,
Қасына айды арқандап байлағаны.
Мақпалдай айлы түнде сырласумен
Жастардың сан қызыққа бойлағаны.
Қандай ғажап
Адамның көңіл күйі,
Ол да бір табиғаттың тылсым сыйы.
Теңіздің толқынындай тербетіліп
Өзгеріп тұратыны жиі-жиі.
Қандай ғажап..Бұның бәрі құдыретті
Жаратқан бір Алланың нығыметі.