Үйрен, оқы Құранды
Үйрен, оқы Құранды

Бисмиллаһ - деп бастадым

Қолыма алып қаламды

Пендеме деп Аллаһ жаратты 

Он сегіз мың ғаламды

 

Аллаһтан келген дін Ислам

Барша  адамзат еншісі

Сардар болған бұл дінге

Мұхаммед - Аллаһ  елшісі

 

Ақиқат жолын іздеуде 

Болсын деп пенде азығы

Құран - Кәрім Алланың

Түсірген темірқазығы

 

 Жалғандықтың жолын кесіп

Қорғансызға болған пана

Өзгермейтін Аллаһ сөзі

Қасиетті Құран ғана

 

Алифтен бастап, жамағат

Үйрен, оқы Құранды

(Сүрелер мен аяттар)

Пендесі мен Алланы

Байланыстырып тұрады

 

Намазға тұрып, әдет қыл

Аллаһтан мезет сұрауды

Қастерле үйрен, ағайын

Шапағатшы Құранды!

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 жыл бұрын 5014
2 пікір
Блог туралы