Сәждеге басты қойыңыз
Сәждеге басты қойыңыз

Деп-ла илаһа илаллаһ-

Калимаға тілді келтірші.

Аллаһтан басқа құдай жоқ

Мұхаммед оның елшісі.

 

Айтып калима шаһадат

Алланың құлы болсаңшы.

Дінімізге болып шапағат

Мұсылман қатары толсыншы.

 

Бес уақыт дәрет ап

Сәждеге басты қойыңыз.

Аллаһтан келіп көп сауап

Тазарып қалар бойыңыз.

 

Ерте демей кеш демей

Намаз оқып бастаңыз.

Шариғат қоспас нәрсенің

Бәрін түгел тастаңыз.

 

Атаңнан қалған ас емес

Арақтан болшы сен аулақ.

Халалдан же асыңды

Жаратқан деп бір Аллаһ.

 

Дүйсенбі мен бейсенбі

Есеп қылар күніміз.

Дұғалардың сол күні

Боларын қабыл біліңіз.

 

Мешітке барып жұмада

Намазға тұр жамағат.

Шүкір деп бір Аллаға

Бергеніне қыл қанағат.

 

Ақли сүннет,бес парыз

Басшылыққа алыңыз.

Аллаһтың барын мойындап

Шын мұсылман болыңыз.

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 жыл бұрын 4021
3 пікір
Блог туралы