ҚУАНАМЫН
ҚУАНАМЫН

Қуанамын

Дүниеге келгеніме,

Алланың өмір сыйға бергеніне.

 

Қуанамын

Анамның қос анарын

Менен соң бауырлардың емгеніне.

 

Қуанамын

Өмір үшін күресуге,

Қатардан шығып қалмай күресінге.

 

 

Қуанамын

Алланың берген әрбір нығметі

Өшпестей боп қалатын мәңгі есімде.

 

Қуанамын

Жарымның болғанына,

Үйіміз бүлдіршінге толғанына.

 

Қуанамын

Солардың азамат боп

Өз алдына ақ отау құрғанына.

 

Қуанамын

Немере сүйгеніме,

Дәні тәтті екен ғой түйнегінен.

 

Қуанамын

Өмірімді жалғастырар

Жібі арқаудың соларға тигеніне.

 

Қуанамын

Жаратқанның барлығына

Мойындаймын шариғат заңдарын да

 

Қуанамын

Пендесіне жаннат бақтан

Дайындап  қойған орын алдарынан

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 лет назад 5124
3 комментария
О блоге
Прямой эфир