Ө.Әбдірәсілов. Қазақтың арғы атасы Хазірет Мәлік, Жоғалтпа адал ерлер хатқа салып. Ізі бар бір орыннан алдым мұны, Білсем деп жүруші едім құмарланып. Қармақшы ауданында 10 - ауыл, Өндіріс колхозында тұрады анық. Кез болып сол кісіге білдім сұрап, Ақжарқын адам еді қымбат нарық. Есімін бұрын сырттай білуші едім, Жырау деп айтушы еді көрген халық. Алғаным шежіренің жайы болды, Әркімнің атасына тұрған барып. Бұл шежіре, Мәліктен басталады, Қолда жоқ оны анықтар тас-таразы. Тарихшы азаматтар айтар мүмкін, Ең түптен оны неге...