Тереземнің алдынан
Көремін оны күн сайын.
Айнымай әсем қалпынан
Ойға шомып тұр қайың.
Жаңбырлы күзде сарғайып
Төгіліп түссе жапырақ.
Бұтағы қалар сорайып
Суық желден қалтырап.
Жамылған ақ қар далада
Қыраудан тағып тұмарын.
Аққайың ұқсар балаға
Ойнаған білмей тоңарын.
Күн шуақты көктемде
Аққайың түлеп бүр жарар.
Жылы жел соғып өткенде
Әдемі билеп ырғалар.
Жауынмен бірге көгерген
Аққайың жазда жап-жасыл.
Еңсесін биік көтерген
Тұрысы қандай тым асыл.
Аймаласа самал жел
Сыбырлай айтып жыр-әнін.
Аққайың толқып тербелер
Тұрғандай іздеп сыңарын.
Бірақ әрбір келген көктемнен үміті де жоқ емес.