ЖАРЫМ МЕНІҢ
ЖАРЫМ МЕНІҢ

Айналайын,жан жарым,еркем менің,

Көңілің қандай жайдары көркем едің.

Көздеріңнен бір нәзік ұшқын атып

Келедіде тұрады еркелегің.

 

Күлкі ойнап жанарыңда жарым менің,

Сүйем сені бақытым, жаным дедің.

Сүйенішім өмірде тек өзіңсін

Жүрегімді жылытқан жалын –демің.

 

Қол ұстасып өмірде өзіңменен,

Қуанышты ,бақытты сезімменен.

Өмір-өзен өткелін кешіп жүріп

Болашаққа қарадық сенімменен.

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 жыл бұрын 9607
2 пікір
  • Дейімін да! Ерлі-зайыптының арасындағы алғашқы кездегі "Искра" кейіннен өшіп кетеді. Оның өшуіне көбінесе сол өзіміз кінәлі болып жатамыз. Бұл жерде тек еркекті кінәләй беруге болмайды деп ойлаймын. Жә, анаған-мынаған кінә тағайын деп отырғаным жоқ, айтайын дегенім, сол "Искраны" сақтап қалатындар сирек-ау. Бірақ, жоғарыда Марат ағамыз осы уақытқа дейін сол "Искраны" сақтап келген екен, тіпті, өленіне қарағанда, алаулаған отқа айналдырған сыңайлы.
    Алла тағала Құранда: "Біз олардың арасына сүйіспеншілік пен мейірімді (немесе бауырмалдықты) жаратамыз", - деген. Демек, ол да бір Алланың сыйлығы, нығметі. Ол нығметке шүкір етпей, қадірін білмесек алып қоюы да ғажап емес екен.
    9 жыл бұрын
    • Алла разы болсын рахмет. Жазған пікіріңізге 60-ты алқымдаған шағымызда біздер қуанып қалдық, уәде етілген күні Алла сіздердіде қуантсын Отбасыңызда сыйластық болып, Келін екеуіңіздің араңыздағы "Искра" алаулап жана берсін )) .
      9 жыл бұрын
Блог туралы