Ораза ұста, бауырым
Ораза ұста, бауырым

Алладан түскен бар аят

Ораза - парыз жайында

Аузыңды бекіт, бауырым

Рамазан айында

 

Қабылдама шайтанның 

Өтірік, шарғы - айласын

Ораза ұста, жамағат

Рахымы мол Алла үшін

 

Нығайту үшін иманды

Иелік ет сен тіліңе

Араша түсер оразаң

Қиямет - қайым күнінде

 

Ауызашар бер, шақырып

Пақыр менен кедейді

Тұтқан оразаң, бауырым,

Нәпсіні менмен тежейді

 

Мүбарак болсын, жамағат

Рамазан айы - қадірлі

Мінажат ет Аллаға

Ләлатүл түні қадырдың

 

Тұтқан оразаң жол салар

Мәнгілік бақи - тұраққа

"Раййян" арқылы кіргізер

Жаратқан ием жұмаққа

 

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
9 жыл бұрын 4299
0 пікір
Блог туралы