БІР КҮН
БІР  КҮН

Бір күн өтсе

Өмірің қысқарады,

Үзіліп кеткендей боп құстар әні,

Уақытқа сол күнің білінбейді

Жүзіндей қиып түсер ұстараның,

 

Бір күн өтсе,

Дүние өзгереді,

Осы емеспе уақыттың көздегені?!

Алланың берген күнін артқа тастап

Тарихтың алға озады дөңгелегі.

 

Әрбір күннен

Бүкіл ғұмыр түзіледі,

Ал оның қанша екенін кім біледі?

Алланың ақтық күні келгенінде

Өмірдің жіп-арқауы үзіледі.

 

Бір күн өтсе

Шаттанып қуанамыз,

Айлық жақын қалды деп уанамыз,

Бүгінгі күн өтті деп жылапты ғой

Кең жайлаған даламды қарт бабамыз.

 

Қуанба сен

Бір күннің өткеніне,

Әрі асып көкжиектен кеткеніне,

Бағала сары алтындай әр күніңді

Өмірдегі   дегеніңе жеткеніңде.

Марат АбдирасиловМарат Абдирасилов
10 лет назад 5793
1 комментарий
О блоге